Eменнен жасалған ауыз жағы тарлау, түп жағы кеңдеу қымыз ыдысы; көбінесе отырықшылық жағдайға бейімделген. 60-70, кейде 100 л қымыз сыяды. Күбі апта сайын жуылып, кептіріліп, сүр еттің майымен, қойдың құйрығымен майланып, тобылғы, жүзген, құлмұрын ағаштары, қоғажай шөбі түбінің түтінімен ысталып отырады;
Iркіт пісетін, көже ашытатын ағаштан жасалған ыдыс.